Рахия Балтабаева, нотариус:
– Біздің жұмыс өте күрделі. Себебі әр азаматтың мінез-құлқы әр түрлі. Олармен тіл табыса білуіміз тиіс.
Марапатқа ие болғандардың бірі – Әлия Сейдімбек. Ол өмірінің басым бөлігін заң саласына арнапты.
Әлия Сейдімбек, нотариус:
– Мамандағымы өзіме ұнайды. Көбі біздің жұмысымызды жеңіл деп санайды. Бірақ, кәсіптің оңайы болмайды. Біз азаматтар үшін, олардың мүліктері үшін жауаптымыз. Биыл 13-ші жыл өңір азаматтарының игілігіне қызмет етіп келемін.
Түрлі заңды әрекеттер мен құжаттарды куәландыру үшін әр азамат, әрине, нотариустың көмегіне жүгінеді. Аталмыш кәсіп қателіктерді кешірмейді. Сондықтан болар, азаматтық қоғамда нотариустардың көтеретін жүгі ауыр, ал келтірер пайдасы орасан.
Саят Ермек