Құқық қорғау органдары

Облыс орталығында жексенбі күні оқыс оқиға орын алды

Мейрам Оспанов – 3-ші қалалық аурухананың жарақат бөлімінің дәрігері:

– Қала тұрғыны ауруханаға 11 жарымда бас миының жарақаты, миға қанның құйылуы, сондай-ақ, бас сүйегі, жіліншік пен қабырғаның сынуымен келіп түсті. Азаматқа 3 ота жасадық. Алған жарақаты өте ауыр болғандықтан, әзірге, алдағы жағдайын болжай алмаймыз. Қазір ол ес-түссіз жатыр.

Жантүршігерлік жағдай өткен жексенбі күні сағат он бірлер шамасында Жамбыл көшесінің бойында орын алған. Белгілі болғандай, 24 жастағы қала тұрғыны белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болыпты. Сөйтіп, Мерседес көлігін тізгіндеген азамат жаяу жүргіншіні қағып өткен. Оқыс оқиғаның егжей-тегжейі әлі де анықталуда.

Жалпы жыл басынан өңірімізде 73 жол көлік оқиғасы орын алған. Олардың 18-і балалардың қатысуымен болыпты.

Эльмира Садвокасова