Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

Бүгін ЭКСПО көрмесінің 38-ші жұмыс күні

Мерекеде жұртшылық Каррос де Фок көше театры ұжымының қойылымын тамашалап үлгерді. Алдағы уақытта тағы Компаниа Фламенка музыкалық дуэті өнер көрсетеді, “Дон Кихот Ламанчский” орысша аудармасының ұжымдық оқулары болады. Сондай-ақ, бүгін конгресс орталықта ЦАРЭС энергетикалық секторы бойынша Үйлестіруші Комитетінің 23-ші отырысы өтеді. Жиында электр энергиясының өңірлік саудасын ілгерілету және үйлестіру, су және энергетикалық ресурстарды басқару, басым жобалар үшін қаржыландыру жайы талқыланбақ.

 

Риат Шони