Қылмыс

Есірткі саудасымен айналысқан петропавлдық әйел ұсталды

Есірткі затын өзінің жер үйінде сатып келген. Қазір тергеу оқшаулағышында отыр. Аталған әйелдің күйеуі де осындай қылмыс жасап түрмеде отыр. 52 жастағы азамат осы жылдың мамарында ұсталған. Енді олардың отбасылық бизнесінің жолы бөгелді. Жалпы жыл басталғалы өңірде 207 есірткі қылмысы ашылып, 107 килограмм есірткі тәркіленген. Оның 200 грамы героин.

Светлана Алексеева -Петропал қаласы ІІБ жедел уәкілі:

– Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді азаматшаға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қауіпі төніп тұр. Сондай-ақ, күдіктінің үйінен есірткіден түскен ақша табылды. Нашаны бөлшектеп орайтын арнайы материал да табылып отыр.

Акбопе Танирберген