МТРА жаңалықтары

ЭКСПО-да Кариб қоғамдастығының күні өтуде

Ал күннің екінші жартысында сахнаға ГренАда, БелИза және Гаитаның белгілі өнерпаздары шықты. Бұдан бөлек, бүгін Астанада Хэбэй провинциясының апталығы бастау алды. Оның ашылуы бар сән салтанатпен өтіп, кейін Қытай павильонында «жасыл экономика» тақырыбы қаузалған жиын ұйымдастырылды. Бағдарлама бірнеше күнге жоспарланған. Ол екі ел арасындағы әріптестікті нығайта түсуге септеспек. Ал Монаконың павильонында «Жауапкершілік және тұрақтылық» атты жоба көрсетілді. Онда келгендер Князьдықтың электромобильдерді қолдану саласындағы жетістіктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Жаңашылдықтарын көрсетуден танбаған итальяндықтар болса, тәжірбиелерімен бөлісіп, Лигурияның туризм мен экономикалық әлеуеті жайлы айтып берді. Энергетикалық саясат саласындағы үздік жұмыстарын да көрсетті.

Магжан Ахмадина