Без категории

СҚО мемлекеттік архивінде Аққайың ауданының көрмесі өтті

89 жыл ішінде өңір гүлденіп, адам танымастай болып өзгерген. Оған мына фотоқұжаттар да дәлел. Сондай-ақ, көрмеде өлкенің мақтаныштары жайлы да бірер мағлұмат бар. Солардың бірі Қосман Бегалинов. Бүгін қария мәдениет күндеріне арнайы келіпті. Омбы облысының тумасы 12 жасында отбасымен Аққайың ауданы Жалтыр ауылына көшіп келген. Сөйтіп, Қосман Әбуұлы саналы ғұмырының 40 жылын қайыңды өлкеде өткізіпті. Еңбек жолын Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті қатарында бастаған ол, түрлі басқарушылық қызметте істепті.

Қосман Бегалинов – Ауған соғысының ардагері:

– Ауданда менің достарым мен жолдастарым қалды. Аудан мен үшін өте ыстық. Жолдастарымды кездестіргенде “өлкемде не болып жатыр”, “қандай жаңалық”, “жаңа салынған мекемелер бар ма” деп сұрап жатамын.

Мына кітаптың де аудан тарихында алатын орны ерекше. Ол 1941-1945 жылдар аралығын қамтиды. Бұл журналда Тоқушы элеваторында істеген мамандардың жұмыстан шығарылуы жайында жазылған. Басты себеп – жауынгер ретінде майдан шебіне аттануы. Жалпы, Аққайың ауданынан Ұлы Отан соғысына 4,5 мың адам жіберілген. Алайда, ұрыс даласынан олардың тек 1100-і ғана туған еліне оралыпты.

Динара Досжанова – Аққайың аудандық архивінің директоры:

– Біздің аудандық мұрағатта ҰОС ардагерлерінің 20 естелік хаттары бар. Біз бүгін қала тұрғындары үшін олардың 4-уін әкелдік. Қариялар отты жылдардағы халық тұрмысы мен ұрыс даласындағы оқиғаларды баяндаған. Сондай-ақ, ардагерлер жайлы мол мағлұматы бар мынадай фоотоальбом жасадық. Бұл жерде жауынгерлердің майдан даласында жасаған ерліктері мен олардың суреттері сақтаулы. Деректерді 2001 жылдан бастап жинадық.

Бүгінде Аққайың ауданында 22 мыңнан астам адам тұруда.


Эльмира Садвокасова