МТРА жаңалықтары

Жыл басынан өңірімізде 384 өрт оқиғасы тіркелген

Денис Шуваев – СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы:

– Соңғы өрт оқиғасы бүгін таңғы жеті шамасында тіркелген. Қызыл жалын Кривозерка селосы маңында орын алыпты. Әзірге, тілсіз жаудың шығу салдары белгісіз. Өкінішке орай, бір ер адам көз жұмған. Жалпы жыл басынан 291 тұрғын үйдің өртену фактісі орын алған. Олардың басым бөлігі – отты дұрыс пайдаланбау салдарынан болған.

Ағымдағы жылы облысымызда 5 орман өрті тіркеліп, жалпы аумағы 11 га алқапты жайлаған. Егістік алқаптарындағы сабанды қадағалаусыз өртегені үшін 51 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылған. Сондықтан, ТЖД дала өрттерінің алдын алу шараларын да басты назарда ұстауда. Алқаптарда бас көтерген жалын байқамаса орманға лезде тарап кетуі мүмкін.

Денис Шуваев – СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы:

– Орман алқаптарының өртке орану салдарынан, 1 млн 414 мың тенге залал келді. Бұндай оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында жыл сайын түрлі жиындар өткізілуде. Мәселен, осы жарты жылдықта 16 кешенді оқу-жаттығу шаралары жүргізілген.

Синоптиктердің болжауынша тамыз айында күннің ысуы күтілуде. Сондықтан, ТЖД қызметкелері орман алқаптарының өртену фактісі орын алуы мүмкін дейді.

Эльмира Садвокасова