Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің миллионыншы келушісі тіркелді

Елордадағы №76 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі шараға жалғыз емес, жолдасы мен 3 жасар қызын ертіп келген. Айы оңынан туған мейманды «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов құттықтады. Кейін оған естелік сыйлықтар мен көрмеге және Цирк дю Солей қойылымына арналған билеттерді тарту етті. Ахметжан Есімов өз құттықтау сөзінде халықтың көрмеге деген қызығушылығы күн санап артып келе жатқанын тағы бір мәрте атап өтті.

Ахметжан Есімов – «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы:

– Біз жоспар бойынша жұмыс істеп жатырмыз және барлығы ойдағыдай өткізілуде. Бүгінде 1 миллионыншы келуші тіркелді, бұл біз үшін жақсы көрсеткіш. Негізі ЭКСПО-2017 көрмесінің жұмысы барысында 2 млн. келуші тіркеледі деп жоспарлаған едік. Дегенмен, бір ай ғана өтті, біз осы уақыт ішінде 1 миллионыншы келушіні қарсы алудамыз. Осындай ауқымды жоба өткізіп отырған соң, бірінші кезекте, қазақстандықтардың көңілінен шығып жатыр ма деп алаңдаймыз. Көрмеге елдің қызығушылығы артып келе жатқанына қуаныштымыз.

 

Магжан Ахмадина