Дмитрий Лактионов – жеңіл атлетші:
– Жарысқа 2015 жылдан бастап дайындалып жатырм. Күнделікті жаттықтырушымның айтқан тапсырмаларын орындаймын. Өзім сайыста бірнеше қашықтыққа жүгірем, эстафеталық сынға қатыспақпын. Сол себепті қазір физикалық тұрғыда күш жинап жатырмын. Сәті түсіп жатса, қарсыластарымды шаң қаптырып көк туымызды көкке желбірету үшін барымды салам.
Тағы, сурдолимпиада ойындарын Татьяна Терехова да қатысады. Ол спорттық бағдарлау сынында ел намысын қорғамақ. Қазір жерлестеріміз күніне 2 мәрте жаттығу жасап, сайыс алдындағы соңғы дайындығын пысықтауда.
Вячеслав Латышев – “Үміт” мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директоры:
– Осымен сурдолимпиада ойындары 23-ші рет өтпек. Байрақты бәсеке әлемнің үздіктері жиылады. Солардың қатарында біздің өрендеріміз де бар. Жерлестерімізге артылар жүк ауыр. Дегенмен, олар сенімді ақтайды деген сенімдеміз.
Айта кетейік, биыл есту кемістігі бар жандар арасындағы жарыс Түркияның Самсун қаласында ұйымдастырылмақ. Жаһандық дода шілденің 18-і мен 31-і күндері аралығында өтеді деп жоспарланған.
– Жарысқа Қазақстан сапынан 60-қа жуық адам қатыспақ. Олар таеквандо, жүзу, үстел теннисі, баскетбол сынды спорттың бірнеше түрінен сақ сынайды. Айта кетейік, сурдолимпиада ойындары әр 4 жыл сайын өтетіді. Бұған Тайвань елінде бәсеке қызған болатын.
Култанов Байболат