МТРА жаңалықтары

“ЭКСПО” көрмесін 900 мыңнан аса адам тамашалды

Күн артқан сайын Астанамызға ағылған шетелдіктердің де қатары көбейіп келеді. Мәселен, бүгінгі таңға дейін 130 мың турист Қазақстандағы басты оқиғаның куәгері атанды. Тағы, көрмені жеңілдік тарифы бойынша 160 мыңға жуық мектеп оқушысы, зейнеткер, студентпен 6 жасқа дейінгі балалар және мүгедектер мен ҰОС ардагерлері байқапты.

Енді, бүгінгі жаңалықтарға келейік. 11-ші шілдеде “Болашақ Энергиясы” форумының 2-ші кезеңі аясында “Төмен көміртекті технологиялар және жаңғыртылатын технологиялық шешімдер” тақырыбында жиын өтеді.
Тағы, осы күні Швейцарияның Ұлттық павилионында қаржы министрі Ули Маурердің қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, Германияның Ұлттық павилионында велоспортшы Фолкер Штювенің ат салысуымен брифинг болады. Ол осыдан 4 апта бұрын “ЭКСПО” көрмесін тамашалау үшін қос дөңгелекті көлігімен Билефельд қаласынан елордамызға жолға шығыпты. Мейман бас шаһарымызға 6 мың шақырым жолды артта қалдырып өткен дүйсенбіде жеткен. 49 жастағы қонақ Астанаға келерде Берлин, Минск және Мәскеу сынды қалаларды басып өтіпті.

 

Култанов Байболат