МТРА жаңалықтары

Қазақстандық қор биржасының мамандары өңірлік кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Себебі, кез келген шетелдік инвестор кәсіпорынды іздеген кезде, оның қор биржасындағы мәліметтеріне көз тігеді екен. Жалпы Қазақстандық қор биржасының эмитенттер қатарында бүгінде 146 қазақстандық компания бар. Олар: екінші деңгейлі банктер мен еліміздің ірі серіктестіктері. Петропавлға дейін қор биржасы еліміздің бірнеше қалаларында осындай шараларды өткізген. Кездесудің мақсаты – қатысушыларды қаржыландырудың тиімді мүмкіндіктері жайлы құлағдар ету дейді мамандар.

Аслан Қалиғазин – “Қазақстан қор биржасы” АҚ эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы:

– Қор биржасы кәсіпкерлерге қаражат тартудың оңтайлы құралдарын ұсынады. Ол, яғни, акция мен облигациялар. Соңғысы қаржы нарығындағы табыс табудың тиімді көзінің бірі болып табылады. Бұл, несие алудан қарағанда, әлдеқайда тиімді болмақ. Себебі, кепілсіз қаражат алу мүмкіндігі бар. Біз еліміздің бірқатар шаһарларында болып, 180 компания иесімен кездестік. Олардың 40-ы болашақта қор биржасының құрамына кірмек ниетте.

 

Эльмира Садвокасова