Құқық қорғау органдары

ІІО ардагерлері шипажайға барып қайтты

Олар 2 апта бойы Алматы қаласындағы ҚР ІІМ «Қазақстан» шипажайында болып денсаулықтарын түзетті. Жалпы бұл өткізіліп отырған осындай алғашқы шара емес. ІІД басшылығының қолдауымен 3 жыл ішінде 130-дан астам ардагер ведомствоның шипажайында болып қайтқан екен.

Любовь Демидова – ІІО ардагері:

– Маған демалыс қатты ұнады. Өзім шипажайға алғаш рет барған едім. Сондықтан зор әсер алып қайттым. Онда келушілерге жақсы жағдайлар жасалған. Тамағы да, ұсынған қызметтері де ұнады. ІІД басшылығы мен ардагерлер кеңесіне деген алғысым шексіз.

Болат Аманжолов – ІІО ардагері:

– Ардагерлерге осындай көңіл бөлініп жатқандығы қуантады. Біздермен ІІД екі қызметкері мен медицина саласының мамандары барды. Көмек көрсетіп, бізден бір елі қалмады.

 

Магжан Ахмадина