МТРА жаңалықтары

ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалап қайтқан теріскейлік 184 оқушы бүгін үйлеріне оралды

Қайсар Нұрғалиев – “Парасат” мектеп-лицейінің оқушысы:

– Жолымыз, тұратын жеріміз бен тамағымыз тегін болды. Маған көрме өте ұнады.

Жапония, Ресей, Германия және Қазақстан. Бұл елдердің павильондары оқушыларды ерекше таңқалдырған. Баламалы энергия көздерін пайдаланудағы тың жобалардан бөлек, жерлестеріміз әлем халықтарының салт-дәстүрі және тұрмыс-тіршілігімен танысқан.

Аяулым Мұхаметжанова – “Парасат” мектеп-лицейінің оқушысы:

– ЭКСПО өте керемет. Маған өзіміздің, яғни Қазақстанның ұлттық павильоны ұнады.

ЭКСПО көрмесінен бөлек оқушылар елорданың басты нышандарымен де танысқан. Астана көшелерін аралап, мол әсер алыпты. Бұндай жазғы демалыстағы мұндай саяхатты балаларға Қызылжар аудандық білім бөлімі ұйымдастырыпты.

Татьяна Новичкова – Бескөл орта мектеп-гимназиясының мұғалімі, Қызылжар ауданы:

– Бұл бірінші саяхат емес. Оның алдында мектепте белсенділік танытып, сабағын жақсы оқығандар барған. Кейін өзгелерінде апардық. Оқушылар жақсы әсер алды. Өзімізде көрмеде барлығына асқан қызығушылықпен қарадық.

Елорда төсіндегі ауқымды шараны тамашалауға бүгін Қызылжар ауданынан 180 оқушы Астанаға аттанды. Ал жалпы шілденің 15-не дейін ұзын-саны 500-ден астам бала ЭКСПО көрмесіне бармақ.

 

Риат Шони