МТРА жаңалықтары

Елордасы Астанаға әлемге танымал “ЭКСПО- әже” келді

Томийо Ямада ЭКСПО қалашығында Қазақстан және Жапония елдерінің павильондарында болды. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасымен кездесті. Ахметжан Есімов құрметті мейманға кәде сый жасады. Күншығыс елінің өкілі қонақжай қазақтың шын көңіл пейіліне зор алғысын білдіріп, көрме атауының жақсы таңдалғанын айтты.

Томийо Ямада – Жапония мемлекетінің азаматы:


– “Болашақ энергиясы” тақырыбы ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Көп кешікпей барлығы баламалы энергия көздеріне көшу керек. Ұлы дала еліндегі көрмеден жақсы жобаларды көрдім. Мамандардың аузынан игілігі мол идеяларды естідім. ЭКСПО көрмесінен кейін адамзат табиғаттың қадірін түсінер деген үміттемін. Осындағы көрменің ең басты нысаны – “Нұр әлем” сферасы келешекте музейге айналатынын білдім. Ендеше, немерелеріміз осы жерге келгенде табиғаттың пайдасы туралы көп мәлімет біліп, қоршаған ортаны сол қалпында сақтап қалудың қаншалықты маңызды екенін түсінсе деймін.

Берік Қасен