МТРА жаңалықтары

Дін мәселесіне қатысты қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды

Құралай Жаныбаева – Аққайың аудандық Ішкі саясат бөлімінің Діни және этномәдени бірлестіктермен жұмыс жөніндегі маманы:

– Мен үшін бұл қоғамдық қабылдау пайдалы болды. Әсіресе, маман экстримистік ұйым өкілдерінен сақ болу жайын түсіндіргенде мұқият тыңдадым. Оның кеңстерін туған-туыстарыма айтамын.

“Діндерді зерттеу орталықтарының қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің мамандары мұндай қоғамдық қабылдауды еліміздің 5 бірдей қаласында қатар өткізіпті. Ендігі кезек Петропавлға келіп отыр. Тағы, аталған ұйым қызметкерлері өзекті мәселелері бар адамдарға www.114.kz сайты және “144 Қауырт желесі” арқылы да қызмет көрсетеді. Сәуір айынан бастап бұл телефон нөміріне 140 тұрғын қоңырау шалған. Оларға білікті мамандар қажетті ақыл-кеңес берген екен.

Азиза Жұмағалиева – “Діндерді зерттеу орталықтарының қауымдастығы” ЗТБ маманы, Астана қаласы:

– Заң туралы көп сұрақтар келіп түседі. Діние әдебиеттер жайлы сауалдар болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде 23 халықаралық экстримистік ұйым тіркелген. Бұлардан сақ болу үшін жастармен алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жерде мешіттерге артылатын жүк жеңіл емес. Имамдар жауаптылықты сезініп, халықпен түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізіп тұрулары тиіс.

 

Байболат Бектемірұлы