Дариға Төлеген – қала тұрғыны:
– Менің бұл көрмеден күтерім мол. Шарада Қазақстанның болашағын көргім келеді.
Бас қаладаға оқушылардың саяхаты бір күнді құрамақ. Алайда, жоспардағы бағдарлама өте ауқымды. №2 орта мектептің өзінен көрмеге 38 бала аттанбақ. Кішігірім саяхатты білім ошағының қоры қаржыландыруда.
Әмина Байбурина – қала тұрғыны:
– Астанада турагенттік қарсы алады. Таңғы, түскі, кешкі аспен қамтыламыз. Түстен кейін Экспо қалашығына бармақпыз.
Ал, балалардың арманындағы павильондарды мына жандар өз көздерімен көріп келді. Нұр Әлемнің 8-ші қабатында болып, түрлі заманауи технологиялардың куәгері атанды. Қазір олар ауқымда шарадан алған әсерлерімен әріптестерімен бөлісуде.
Нұргүл Самалықова – қала тұрғыны:
– Барша жұртқа ұнағаны, менің ойымша, ол қазақстандық павильон. 8 қабаттан тұратын шар секілді жасалған. Барлық қабаттарын аралап шығуға тырыстық, Ең әсерлісі, 8-ші қабаты. Ол жерден Астана қаласының болашағын көруге болады. Ал басқа елдерге келетін болсақ, келушілердің басым бөлігіне Германия павильоны ұнаған секілді. Себебі, жақсы пікірлер естідім. Әсіресе, күннің көзімен жүретін көліктер.
Жалпы, “Қызылжар су” ЖШ серіктестігінен халықаралық көрмеге 200-дей маман аттанбақ. Олардың тең жартысы – жұмысшылар. Барып-келулеріне кәсіпорын арнайы автобус бөліпті.
Қорлан Жакина – қала тұрғыны:
– Барлығы ұнады. Әсіресе, Швейцария, Қытай мен Германияны атап өтуге болады.
Салтанат Шегірбаева, қала тұрғыны:
– Алған әсерім мол. Бұл жерде біздің мақтанышымыз – “Нұр Әлем” павильонын атап өтпеуге болмайды. 8 қабаттың барлығы тек болашақ технологияларға арналған. Мәселен, өсімдіктерден энергия алатыны жайында бұрын соңды естімеппін. Сондай-ақ, таң қаларлық технологияларды үздіктер қатарынан көрінген Қытай павильонынан да кезіктіруге болады.
Мамандардың айтуынша, бір күн ішінде барлық павильондарды емін-еркін аралап шығу мүмкін емес. Сондықтан, алдағы уақытта олар отбасыларымен бірге тағы бір мәрте барып қайтпақ.
Эльмира Садвокасова