МТРА жаңалықтары

Шілде айында жауын шашын-шамадан тыс жауады

Гүлзат Ғазизова – “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің жетекшісі:

– Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 17, 22 градус жылы болады. Күндік 30, 35 градусқа дейін жоғарылайды.

Үшінші онкүндікдің басында ауа райы аса оң қабақ танытпайды дейді мамандар. Дегенмен, шілденің соңында күн жылынады. сынап бағанасы тіпті +35 градусқа дейін жоғарылайды екен. Ал, шілдедегі ылғал мөлшері айлық нормадан артық болмақ.

Гүлзат Ғазизова – “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің жетекшісі:

– Жауын-шашынның айлық мөлшері мөлшерден көп болады. 53,69 мм шамасында.

Жерлестеріміз болса шілде айының жайма шуақ болғанын қалайды.

–  Шілденің ыстық болғанын қалаймыз. Достарымызбен суға шомылғымыз келеді.
–  Айдың жылы болғаны жақсы ғой. Жиі саябаққа шығамыз. Немерелерімізді алып, қыдырамыз.

Тарихқа көз жүгіртсек, шілдедегі ең ыстық күн 1940 жылы тіркеліпті. Айдың 18-і күні ауа райы +40,5 градусқа жеткен. Ал, салқын температура 47 жылдың 1-ші шілдесінде орын алған екен. Онда сынап бағанасы 4 градусқа дейін төмен түсіпті.

 

Байболат  Култанов