МТРА жаңалықтары

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің 25-ші жұмыс күні

Бұнда аталмыш елдің мәдениеті мен дәстүрі таныстырылады. Бұдан бөлек, күннің екінші жартысында инвестиция мәселелеріне арналған бизнес-форум өтеді. Джибути мемлекеті болашақтың баламалы энергиясына қатысты көне дәстүр мен жаңа көзқарас тұтастығын көрсетеді. Тағы, бұл күні АҚШ-та өзінің ұлттық күнін тойлауда. Мерекеге орай, америкалық және қазақстандық әртістердің өнер көрсетуі қарастырылған. Концертте алғаш рет «қазақша кантри» таныстырылады. Сондай ақ қатысушылар «Қамажай» биін билейді.
Бұған қоса, АҚШ павильонын таныстыратын америкалық студенттердің бірі – Грейс Гарретт, гавайлық укулеле музыкалық аспабында қазақтың әндерін орындайды. Естеріңізге сала кетейік, ЭКСПО-2017 Көрмесіндегі АҚШ павильоны 3 аймаққа бөлінген: «Энергия кеңістігі», «Өмір энергиясы» және пост-шоу алаңы.

 

Риат Шони