Балалар

Солтүстік Қазақстанда “Сәтті қадам” жобасының үшінші кезеңі бастау алды

Аталған бағдарлама аясында “Жас Отан” жастар қанатының жергілікті белсенділері Ұлттық Біріңғай Тестілеуден сүрінген ұл-қыздарға көмектеспек. Биыл өңіріміздегі 177 талапкер маңызды сынақтан шектік баллды жинай алмапты. Олардың көбі әлі де болса Жоғарғы оқу орнына түсуге ниетті. Сол себепті шығармашылық емтихан жазуға тілек білдірген. Біразы ҰБТ қайта тапсыруға өтініш қалдырыпты. Ал, жасотандықтар әлі де болса өз таңдауын жасамағандардың еңбекпен қамтылуы мен орта білім беру ұяларына түсулері үшін қолдау танытпақ.

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Өңір мектептерін биыл аяқтаған 17 түлек әлі өз таңдауларын жасаған жоқ. Біз сол жастармен жұмыс жасайтын боламыз. Қазір 8 адамнан тұратын бақылау тобы осы мақсатта еңбек етуде. Былтыр оыс “Сәтті қадам” жобасы аясында 10-ға жуық ұл-қыздар жұмысқа орналасты. Колледждерде білім алып жатқандары да бар. Тағы, жастардың біразы азаматтық борыштарын өтеу үшін әскер қатарына алынды.

Култанов Байболат