МТРА жаңалықтары

ҚР Ұлттық Ұлан 6637 әскери бөлімінде жазғы оқу кезеңі басталды

Архат Тәттімбетов – ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

–  Бұл оқу 5 айға созылады. Кейін күзде инспекторлық тексеріс болады. Барлығы сол сынақтан өтеді.

Үйдегі еркелік, қылтың-сылтың бітті бұл жігіттер үшін. Енді әскер қатарында темірдей тәртіпке қатаң бағыну шарт.

Сап түзеп болғаннан кейін жауынгерлер взвод-взводпен сабақ оқуға кіреседі. Алғашқы әскери даярлықты меңгеріп, ерлік сағатына қатысады. Жанболат Якупов Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Шымкенттен Петропавлға Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаз 20 күннің ішінде біраз нәрсеге үйрендім дейді.

Жанболат Якупов – ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің сарбазы:

– 20 күннің ішінде қаруды бұзып жинауды, саптық жүрісті. Жалпы тәртіпті үйретті. Өзім келісім шарт бойынша ары қарай қызмет еткім келеді.

Енді Жанболатта әскер қатарына жаңадан қосылған сарбаздар секілді бұйыртса 22 шілде салтанатты түрде ант береді.

 

Риат Шони