МТРА жаңалықтары

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесті

Тамара Дүйсенова – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– СҚО 54 мыңдайазамат жұмыс істейді. Бірақ олардың зейнетақы жарналары төленбеген. Сол бойынша аудан әкімдіктеріне, салық инспекциясына, еңбек инспекциясына тапсырмалар берілді.

Облыста мемлекеттік бағдарламалардың әлеуеті барынша пайдаланылып жатыр. Биыл тұрғындарға 18 млн теңгеге дейін шағын несие берілетін болды.

Тамара Дүйсенова – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Биыл республика бойынша шағын несиелерге ел қазынасынан 37 млрд теңге бөлінді. Соның 2,4 млрд теңгесі тұрғындарға берілді. СҚО-да 200 жоба қаржыландырылды. Бұл жақсы нәтиже. Ауыл және қала тұрғындары 18 млн теңгеге дейін арзан несиеге қол жеткізе алады.

2018 жылы зейнетақы жүйесін де ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Министрлік өкілдері, әсіресе, әйелдерді жұмыспен қамту жағын бірінші кезекте қолға алу керек дейді. Бұдан былай зейнетақы мөлшері еңбек өтілі бойынша белгіленеді.

Тамара Дүйсенова – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

 

– 2018 жылы бірінші қаңтарда зейнетке шығатын әйелдер 1 шілдеден бастап шығады. Кесте 6 айға шегеріледі. Одан кейін 1 шілдеде шығатындар ары қарай 1 жылға кетеді. Одан кейін 1,5 жылға. Ендігі жылы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны әйелдердің еңбек өтіліне қарап көтереміз.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, болашақта жергілікті жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін болады. Жоспарды толық орындамаған мекемелер жабылады.

Берік Қасен