МТРА жаңалықтары

Бүгін “ЭКСПО-2017” көрмесінде Таиланд елінің ұлттық күні өтуде

Тағы, ұйымдастырушы тарап, қонақтарға өздерінің ұлттық салт-дәстүрін паш етпек. Бұдан бөлек “Таиланд мемлекетінің болашақ энергиясы” атты ерекше бағдарлама көрсетіледі. Айта кетейік, бұл елдің павильоны аумағы жағынан көрмедегі ең үлкендерінің бірі саналады. Оның алып жатқан жері 900 шаршы метрді құрайды.

Тағы, 1-ші шілдеде елордамызда Сомали Федеративті Республикасының да Ұлттық күні өтпек. Мәдени шара аясында белгілі әнші Ника Косово дәстүрлі әндерді орындап кеш ұйымдастырады. Ал, виолончельші Энрико Диндо Қазақстанның Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен бірлесе жеке концерт өткізбек. Сонымен қатар, бүгін көрмеде “Би-2” және “Мумий тролль” сынды танымал ресейлік рок-топтардың өнерін тамашалауға болады.

Байболат  Култанов