Аптадағы маңызды жаңалықтар

Солтүстікқазақстандық еріктілер тобы “EXPO-2017” халықаралық көрмесіне аттанды

Гаухар Туебаева – ерікті:

– Мен тәжірибе жинадым, енді теориялық білімімді іс жүзінде қолданамын деп ойлаймын. Шетелдіктерге Қазақстан жайлы айтып, елімнің беделін көтергім келеді.

Еліміздегі басты шараның куәгері атанып, оның ұйымдасуына өз үлесін қоспақ ниетте болған жастардың саны жүзден асады. Олар бірнеше кезеңдік сауалнама, тестілеу мен түрлі сынақтардан өткен. Сондай-ақ, қыз-жігіттердің үш тілді меңгеру деңгейі де ескеріліпті.

Тимур Жұманов – СҚО жастар ресурстық орталығының директоры:

– Іріктеу кезеңінен 117 адам өтті. Олардың 17-сі резервте болды. Еріктілер тобы ертеңнен бастап өз жұмысына кіріседі. Тамыздың 5-ші жұлдызына дейін олар ұйымдастырушылық жұмыстарда өз септігін тигізбек. Жастарымыз 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйыммен жұмыс жасайды. Қыз-жігіттердің шаһарда жүріп-тұруы мен тамақтануы, сондай-ақ жатақханада орналастырылуы қарастырылған.

Міне, туған-туыстармен қоштасып, сапарға аттанатын уақыт та келіп жетті. Бірер сағаттан кейін олар әлем назарын өзіне аудартқан басты оқиғаның бір бөлшегіне айналмақ.


Эльмира Садвокасова