Спорт

Петропавлда жасөспірімдер арасындағы футболдан облыстық біріншілік өз мәресіне жетті

Алаңда финалдық кездесуге жолдама алған Есіл мен Уәлиханов аудандарының құрамалары. Қос команда бір-бірінің осал тұстарын бақылап, ойынға кірісіп кетті. Дегенмен, тактикалық шабуылдармен көзге түскен қызыл формадағы аяқдоп шеберлері алғашқы болып есеп ашты. Бірақ, есілдіктер қанша тырысып баққанымен таразы басын теңестіре алмады. Қалған уақытта тек уалихановтықтар басымдық көрсетті. Сонымен, қорытынды есеп 2-0. Ойын Уалиханов ауданының футболшыларының пайдасына шешілді. Енді, жеңіс тұғырынан көрінген команда республикалық жарыста өңір намысын қорғамақ.

Диас Сыздық – Уәлиханов ауданының футболшысы:

– 3 ойынды ойнадық. Екеуін жеңіп, біреуінен жеңіліп, финалға шықтық. Біз аптасына 3-4 рет жаттығып, дайындаламыз.

 

Тогжан Акмагамбетова