МТРА жаңалықтары

Петропавл қаласында 117 тұрғын үйде ыстық су жоқ

Александр Захарьян – “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас инженері:

– Күрделі жөндеу жұмысы бойынша біз бұл жерде 440 метр құбырды алмастыру керек болатынбыз. Бірақ, 450-ін ауыстырдық. Құбырдың диаметрі 300-250 мм. Қазір Мұқанов көшесінен Мир көшесі арқылы өту үшін уақытша жол қозғалысын тоқату қажет.

Жалпы “Петропавл жылу желілері” ЖШС балансында 233,503 шақырымды құрайтын желі бар. Биыл оның 39,007 км-і жаңасына алмастырылмақ. Оның 18,225 шақырымы мемлекеттік қаржыландыру болса, қалған 20,728-сі компаниясы есебімен. Бұған серіктестік 4 млрд 281 млн 80 мың теңге жұмсамақ. Бұл жұмыстар жүріп жатқанда әдеттегідей қаланың бірқатар аудандарында ыстық су сөндіріледі.

Александр Захарьян – “Петропавл жылу желілері” ЖШС бас инженері:

– Қазіргі таңда қаланың үш ауданында ыстық су сөндірілген. Бұл ДСР, 20-шы шағын аудан мен орталық. Жаңғырту мен жөндеу жұмыстары 3 айға дейін жалғасады. Сол себепті 20- шы шағын ауданға ыстық су тамыздың 1-і, ал орталықтағыларға қазанның 31-не дейін беруді жоспарлап отырмыз.

Бүгінде Петропавл қаласында 117 тұрғын үйде ыстық су сөндірілген.

 

Риат Шони