МТРА жаңалықтары

Аптаның бейсенбісінде ЭКСПО-да Израиль және Түркменстан күні аталып өтілді

Алғашқылары мұндағы қонақтарға баламалы энергияны пайдаланудағы тәжірибелерімен бөлісуде. Бүгінде бұл мемлекетте жаңартылған энергиямен айналысатын 200 компания бар. Ал түркмендер өз павильондарында газ отынын қолданудың технологиясын ұсынды.

Бұдан бөлек, мұнда өңірлерден келген еріктілер де бір айлық жұмыстарын аяқтады. Яғни, маусымға жазылған қыз-жігіттерді енді шілде айында жұмыс жасайтындар алмастыратын болады. Айту керек, маусым айында Астанада 1500 ерікті болды. Оның 800-і еліміздің 5 облысынан жиналған.

 

Айгерим Ержанова