МТРА жаңалықтары

Теріскейлік 15 бала «EXPO» халықаралық көрмесін тамашалап қайтты

Құқық қорғаушылар елордамызға өздері үнемі көмектесетін жанұяның ұл-қыздарын апарыпты. Жерлестеріміздің көпшілігі бас шаһарда бұрын-соңды болмаған екен.Болашақта тәртіп сақшылар ішкі істер органдарында есепте тұрған жастарды да Астана қаласында қыдыртуды жоспарлап отыр.

ҚУАНДЫҚ ҚАНЖІГІТОВ – ПЕТРОПАВЛ Қ. ІІБ ЖПҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОРЫ:

– ІІД басшылығы 11 мен 15 жас аралығындағы балалардың Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесіне танымдық сапарын ұйымдастырды. Балалар қаламыздың әр түрлі мектептерінен қатысып отыр. Экскурсия барысында балалар елордамыздың басқа да көз тартар жерлерін аралады. Олармен бірге кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор жіберіліп, жол бойы олармен жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ілесіп жүрді. Ата-аналар да алғыстарын айтып жатыр. Өйткені, олардың көпшілігінің мүмкіндігі бола бермейді. Жалпы, экскурсия балаларға ұнады деген ойдамыз.

ВАЛЕРИЯ СИНЯКОВА – № 14 мектептің оқушысы:

– Экскурсияда көптеген қызықты көрмелерді араладым. Астанада биік әрі көз тартар ғимараттар көп екен. Мәселен, Бәйтерек. Ол өте әдемі. Көрмеде жарық шашқан үлкен лифтімен сегізінші қабатқа шықтық. Осынша әдемі болады деп ойламаған едім.

Култанов Байболат