Аптадағы маңызды жаңалықтар

Маусымның 28 елімізде ҚР Парламенті Сенатына депуттардың сайлауы өтті

Бұдан соң сайлау науқаны басталды. Халық қалаулылары бірінен соң бірі тіркеліп, жасырын түрде дауыс беруге кірісті. Бүгін ел келешегі үшін өз таңдауын жасағандардың қатарында Болат Әбілмәжіновте бар. Облыстық мәслихат депутаты Есіл ауданындағы “Кантемир-Агро” серіктестігіне де жетекшілік етеді. Таңдаған кандидаты ауыл шаруашылығындағы күрмеуі тарқамай жүрген сұрақтарды шешеді деген сенімде.

Болат Әбілмәжінов – облыстық мәслихат депутаты:

– Мен таңдаған кандидат өңіріміздегі бірқатар проблемаларды шешуге септігін тигізеді деген сенімдемін. Аграрлы секторда да мәселе жететін.

Саяси маңызды науқанға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысуда. Өңіріміздегі халық қалаулыларының жалпы саны 215. Бірақ түрлі себептерге байланысты оның 209-ы ғана келді. Бүгін қалалық мәслихат депутаты Данияр Уәлиев алғаш рет жоғары палатағы үміткерлердің сайлауына қатысып отыр.

Данияр Уәлиев – қалалық мәслихат депутаты:

– Мен сайлауға алғаш рет қатысып отырмын. Лайықты үміткерде дауысымды бердім.

ҚР Парламенті Сенатына өңірімізден басында 5 үміткер болыпты. Оның екеуі өз еріктерімен доданы жалғастырудан бас тартқан. Сөйтіп, қалған үшеуі, нақтырақ айтсақ, Есжан Оразалин, Ерік Сұлтанов, Мейрам Меңдібаев жоғары палатаның депутаты атануға үмітті болып отыр.Сағат таңғы 10-15-те басталған науқан, 20 минуттың ішінде аяқталды. Кейін комиссия мүшелері мүлдем қолданылмаған бюллетеньдерді санап, іріктеуге кірісті.

Бейбіт Исманов – облыстық сайлау комиссияның төрағасы:

– Сайлауға қатысу 98,2 пайызды көрсетті. 217 бюллетеннің біреуі бүлінген болып шықты. Ал қалған 8-і мүлдем қолданылмады. Жалпы кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі маңызды науқан да жақсы өтті.

Бүгінгі саяси маңызды науқанды ТМД елдерінен келген 4 халықаралық байқаушылар қадағалады. Олар сайлаудың заңды, әрі мөлдір өтуін басынан аяғына дейін қарап шықты.

Валерий Самокрутов – халықаралық байқаушы:

– Бүгінгі сайлау жоғары деңгейде өтті. Барлығы заңға сай. Ешбір құқықбұзушылық анықталған жоқ. Сайлаушылар жасырын түрде үш бөлмеде өз таңдауларын жасады.

Барлық бюллетеньдер іріктеліп болғаннан соң, комиссия мүшелері сайлау нәтижесін жариялады. Сонымен, “Солтүстік” Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Есжан Оразалин мен облыстық жер инспекциясы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев 16 дауыстан жинады. Ал СҚО-ың бұрынғы әкімі Ерік Сұлтанов 176 депутаттың таңдауына түсіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ерік Сұлтанов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Құрметті сайлаушылар! Маған дауыс бергендеріңізге алғысымды айтамын. Енді сенген үмітті ақтауға тырысамын.

Жалпы биыл жоғары палатаға барлығы 47 депутат алынады. 15-і мемлекет басшысы тағайындайды.

 

Риат Шони