Өнеркәсіп

“Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС – 10 жыл

Александр Кондратов – “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС бас директоры:

– Экспо – 2017 көрмесін салуға қажетті құбырлар Астаналық кәсіпорын мен біздің зауыттан алынды. Серіктестігіміз үшін бұл қуантарлық жайт. Осыдан-ақ, зауытта өндірілетін коммуникациялық және полиэтиленнен жасалған құбырлар сапасының жоғары екенін көре аламыз.

“Петропавл құрылыс материалдары зауыты” серіктестігі республикалық “Алтын сапа” және халықаралық “Золотой ягуар” байқауларына қатысып, лауреат атанған. Ал, 2015 жылы компания “Парыз” байқауының «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясының жүлдегері атанған.

Александр Кондратов – “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС бас директоры:

– Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты деген кәсіпорындары қатысты. Іріктеу кезеңінде жұмыс сапасына басты назар аударылды. Нәтижесінде, өндіріс ошағы үздіктер қатарынан көрінді. Болашақта өнім түрлерін арттырып, жүлделі бірінші орынды аламыз деген ойдамын.

10 жыл ішінде серіктестік 14 млрд тенгеге жуық өнім шығарған. Алдағы уақытта кәсіпорын Петропавл қаласындағы спорттық кешендерді тұрғызуға қажетті құрылыс материалдарын өндірмек. Сондай-ақ, Солнечный кентінде бой көтеретін тұрғын үйлердің құрылысына да қатыспақ ниетте.

Эльмира Садвокасова