Аптадағы маңызды жаңалықтар

Маусымның 28 елімізде ҚР Парламенті Сенатына депуттардың сайлауы өтеді

Бейбіт Исманов – облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Мауысымның 28-і ел бойынша Сенат депутаттарының сайлауы өтеді. Мәслихаттардан депутаттар келеді. Тіркеу 9-дан басталады, сағат 10-да жиналыс өткізіп, сайлауды бастаймыз.

Өңірімізден 3 үміткер Жоғары Палатадан орын алуға ниетті. Саяси науқанның өту барысын 4 халықаралық бақылаушы қадағалайтын болады.

Бейбіт Исманов – облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Бүгінде Сенат депутатығына кандидат ретінде Есжан Оразалин, Ерік Сұлтанов, Мейрам Меңдібаев тіркелді. Сайлауға Түмен, Қорған облысынан халықаралық байқаушылар келеді. Биыл саяси науқанға бір ерекешелік енгізіліп отыр. Сайлаушылар орталық сайлау комиссиясының сайтында электрондық әдіспен тіркеле алады.

Биыл жоғары палатаға барлығы 47 депутат алынады. 15-і мемлекет басшысы тағайындайды. Әр өңірден екі депутат сайланады.


Берік Қасен