МТРА жаңалықтары

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде бүгін Катар елінің ұлттық күні

Мұнда келушілердің де саны артқан. Ашылғалы бері ЭКСПО-ны 400 мың шетелдік саяхатшы аралап көрген. Олар елордаға әлемнің 55 елінен ат басын бұрған.
Бүгін мұнда Катар елінің ұлттық күні өтеді. Сары құрлық өкілдері келген жұртшылыққа баламалы энергия көздерін пайдаланудағы ең озық технологияларын көрсетпек. Сонымен қатар заманауи стильдегі шығыс және араб музыкасы бұл мемлекеттің мәдени-сауықтыру шоуы болмақ. Катар елінің ұлттық күні сағат 15-00-де басталады.

 

Риат Шони