МТРА жаңалықтары

Шал ақын ауданының әкімі ауысты

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Нұрлан Есімов әртүрлі жылдары бірнеше қызмет атқарды. ҚР Бас прокуратурасында заңгер де болды. Еліміздің әділет министрлігінде бас сарапшы болып қызмет жасады. Нұрлан Есімов Еуразия Ұлттық университетін аяқтап, кейін “Болашақ” бағдарламасымен Ұлы Британияда білім алды. Ағылшын тілін жақсы меңгерген.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұл өзгеріс ауданның өсіп дамуына септігін тигізетініне сенімді. Ал бұған дейін ауданды 2 жыл басқарған Ербол Сағдиев қызметін Тимирязев ауданында жалғастыратын болады. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, аталған ауданда түйткілі шешілмей жүрген мәселелер жетерлік. Оны біржақты ететін тәжірибелі жетекші қажет.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Ербол Болатұлының тәжірибесіә мол. Бүгінге дейін 5 ауданда әкім боолып қызмет етті. Шынымды айтсам, елімізде Ербол Сағдиев сияқты азаматтар аз. Бұл оның түрлі кәсіби қасиеттерге ие екендігін дәлелдейді. Ол өз ісіне өте жауапты азамат. Шал ақын ауданында ол біраз іс тындырды. Енді осы жолды Тимирязев ауданында жалғастырса деймін.

Кейін Құмар Ақсақалов аудан активіне жаңа басшыны таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

 

Айгерим Ержанова