Konstitutsia banner mobile

Спорт

Петропавлда волейболдан жасөспірім қыздар арасында ҚР жазғы чемпионаты өтуде

Алаңда күш сынасып жатқан қос құрама солтүстікқазақстандық “Қуаныш” пен ақтөбелік “Алихан” волейбол клубтарының өкілдері. Командалар бірінші кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ бір-бірінен қалыс қалар емес. Дегенмен, жерлестеріміз қара жейде киген батысқазақстандықтарды 3-1 есебімен ұтып кетті.

Әсемай Сабанбаева – “Қуаныш” ВК қорғаушысы:

– Біз деген өте тырыстық, жеңу үшін. Бұның алдында біз 4 ойын ойнадық. Финалға шығу үшін. Жетісу, Павлодар облысы, Семей, ОҚО және өзіміздің жерлестерімізбен тартыстық. Дайындықтарымыз жақсы, бірінші орын алуға тырысамыз. Өйткені,біз бас жүлдені ұтып алу үшін келдік.

 

Тогжан Акмагамбетова