Құқық қорғау органдары

ІІО құрылуының 25 жылдығына арналған аллея ондаған көшетпен толықты

Бүгін бұндай мәртебе көршілес елден келген меймандарға да бұйырды. Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойына орай Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының ведомство өкілдері өз әріптестерін құттықтау үшін теріскейге арнайы ат басын бұрыпты

Алексей Петров – Қорған облысы бойынша ІІМБ жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының міндетін атқарушы, РФ:

– Бүгінгі іс-шараға қатысып, мына аллеяға өз атыммен көшет отырғызғаным мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – екі ел достастығының нышаны деуге де болады. Біз солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылармен бұрыннан бері тығыз жұмыс істейміз. Шекара бөліп тұрғанымен, қызметіміз бен өз еліміздің алдындағы борышымыз – бір. Барша қазақстандық полицейлерді шын жүректен мерекелерімен құттықтаймын.

 

Эльмира Садвокасова