Александр Прядко – «Фирма «Алекри» ЖШС директоры:
– Алғашында фирмамыз айна жасап шығарып, оны сатумен айналысты. Ал кейін 92-шы жылы біз құс шаруашылығын қолға алдық. Бүгінде бұл ісіміз өрге домалады. Жыл сайын керекті заманауи құрылғылар сатып аламыз. Жақында қоймамызды да үлкейттік. Алдағы уақытта құстардың санын арттыруды жоспарлап отырмыз.
25 жылдық тарихы бар фирмада қазір 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал кәсіпорын құрылған кезде олардың саны небәрі 10 ғана еді. Раиса Зотова мұнда өмірінің 7 жылын арнаған. Қазір нәзікжанды зейнетте. Десе де бүгін ол серіктестіктегі адал қызметі үшін құс шаруашылығы саласының құрметті қызметкері төсбелгісімен марапатталды.
Раиса Зотова – зейнеткер:
– Мен кеткелі фирмамызда бірқатар өзгерістер орын алды. Бұрындары біз жұмыртқаны трактормен жинайтын едік. Қазір бұл жұмысты анаконда деген машина реттейді. Мұнда мен 7 жыл жұмыс істеп, осыннан зейнетке кеттім. Қазір фирмада жұмыс жасамасақ та, фабриканың жетістіктеріне қуанып отырамыз.
Бұдан бөлек, фирма егін шаурашылығымен де айналысады. Қазір серіктестік алқабы 7 мың гектар жерді алып жатыр. Жыл сайын олар зығыр мен бидай егеді.
Григорий Косоуров – Фирма «Алекри» ЖШС механизаторы:
– Мен Алекри фирмасында оның құрылғанынан жұмыс жасаймын. Қазір механизатормын. Серіктестіктің күллі техникасына жауаптымын. Ұжымым өзіме ұнайды. 25 жыл деген де аз уақыт емес. Әсіресе нарықта өзінің дәрежесін сақтап тұрауда. Айтулы күнмен барлық әріптестерімді құттықтаймын.
Григорий Косоуров еңбегі бағаланған жандардың қатарында. Бүгін ол да көппен бірге алғыс хатқа қол жеткізді. Жалпы мерейтой күнінде «Фирма «Алекри» серкітестігінің 80-ге тарта қызметкері мапараптқа ие болды. Оның 10-ы арнайы төсбелгіні тағынды.
Айгерим Ержанова