Білім

Екі күн ішінде 1649 солтүстікқазақстандық түлек ҰБТ тапсырған

Орташа көрсеткіш бойынша өңірде бірінші орында Тимирязев ауданы – 79,9 ұпай. Облысымыздағы ең жоғарғы -127 ұпай да сол ауданға тиесілі. Екінші орыннан 79,7 ұпаймен Уәлиханов ауданының түлектері көрінді. Аппеляциялық комиссияға 12 өтініш түскен, соның тек біреуі ғана құпталыпты. Жалпы түлектер емтихан тапсырмаларының мазмұнына байланысты сын айтқан. Айта кетерлік жайт, екі күн ішінде тестілеу тәртібін бұзған жағдай тіркелмеген. Бүгін ҰБТ-ді түлектердің соңғы легі тапсыруда. Бұл 455 оқушыны құрайды.

 

Эльмира Садвокасова