МТРА жаңалықтары

Тәртіп сақшылар мен мемлекеттік қызметшілер кәсіби мерекелерін атап өтті

Гүлжан Кәкімова – Мамлют аудандық жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы:

– Анаммен бірге жәрдемақы рәсімдеуге бардым. Сол кезде мен осы жерде істейтінімді мүмкін сезген шығармын. Анама мен осында жұмыс жасаймын дедім. Кейін керекті құжаттарды жинап, конкурстан өтіп жұмысқа орналастым.

Бүгінде нәзікжанды кәсіби мерекесі қарсаңында аудан әкімінің алғыс хатын алды. Мемлекеттік қызметкерлерден бөлек, бұл күні тәртіп сақшылары да марапатқа ие болды.

Қос мерекемен мамлюттықтарды құттықтауға жазушы, журналист, «Үркер» журналының бас редакторы Қуандық Түменбай да келді. Шығармашыл тұлға еңбек жолында 20 шақты кітап шығарған. Дені проза мен публицистикалық туындылар.

Қуандық Түменбай – жазушы, журналист, «Үркер» журналының бас редакторы:

–  «Бекеттегі бейкүнәләр» деген роман жаздым. Оның негізгі кейіпкері Хасен Қожахметов. Өзі сотталған. Тәуелсіздік заманының ардагері. Сол жұрттың көкейінде қалған. Бұл менің ІІО-ы жайлы жазған жалғыз шығармам.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Айгерім Ержанова