МТРА жаңалықтары

Бүгін “EXPO -2017” халықаралық мамандандырылған көрмесінің 12-ші күні

Валентина Корнева, “Коперник” облыстық поляк мәдени орталығы төрағасының орынбасары:

– Көрмеде әрбір мемлекет қойылым, бейнероликтер мен түрлі жобалар ұсынды. Сондай-ақ, әр павильонда бірнеше тілді еркін меңгерген еріктілер тобы да жұмыс істеуде. Сондықтан, қажет ақпаратты білу қиындық туғызбайды. Әсіресе, кішкентай бүлдіршіндер мен мектеп жасындағы оқушылар үшін бұл көрменің берері мол. Себебі, тарих, география мен физика сынды пәндердің барлығы қамтылған деуге болады.

Халықаралық мамандандырылған көрменің бар қызығын тамашалауға тіпті екі күннің өзі аздық етеді екен. Бұл жөнінде жаһандық оқиғаның куәгері атану мәртебесіне ие болған Светлана Дубровина атап өтті. Нәзікжанды украиндық диаспорамен бірге павильондардың түр-түрін аралап үлгеріпті.

Свелтана Дубровина, “Свiтанок” украин мәдени орталығы жанындағы жастар қанатының мүшесі:

 

– Көрмедегі павильондарды фото мен видеолардан қарау жеткіліксіз деп есептеймін. Сондай-ақ, болашақ энергия технологиялары мен қойылымдары да көздің жауын алады. Алдағы уақытта мүмкіндігім болса, міндетті түрде бірнеше күнге баруды жоспарлап отырмын.

Жалпы баламалы көздерден қуат алу мәселесі негіз болған халықаралық көрме қыркүйектің 10-на дейін жалғаспақ.

Эльмира Садвокасова