Спорт

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні

Спорттың 8 түрін қамтыған осынау спартакиада олардың 23-маусымда өтетін төл мерекелерімен орайластырылған.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Жылда ұйымдастырамыз. Биыл қатысушы саны көп. Спорттың сегіз түрі қамтылған.

Келесі бетте сөре белгісі беріліп нәзікжандылар жарыс жолына шықты. 60 метр қашықтықты ең қысқа уақытта бағындырған қатысушы жеңіске жетпек.

Жадыра Каликова , СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының инспекторы:

– Бірінші болып жүгіріп келдім. Қобалжу болды. Жеңіске жеткіміз келедә.

Келесі залда білекті мемлекеттік қызметшілердің сыны жүріп жатты. Жігіттер қағазбастылықпен жүріп, бұлшықеттерін қатайтуды да ұмытпаған екен. Мамлют қаласы әкімінің орынбасары Виктор Мищенко гір тасын 55 рет көтеріп “Күш атасын танымас” деген мақалды тағы бір рет еске салды.

Виктор Мищенко, Мамлют қаласы әкмінің орынбасары:

– Жұмасына 3-4 рет спортпен айналысамын. Менің шаршамай, жұмысымды тыңғылықты істеуіме менің сергектігім көмектеседі. Жаңа гірді 45-ші рет көтергеннен кейін қиындай түсті. Сонда да тырысып, күшімнің жеткенінше көтердім.

Облыс орталығы мен аудандардан барлығы 38 команда жасақталған екен. Жарысқа келген 800-ден астам мемлекеттік қызметші өзге залдарда суда жүзу, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлдерінен өзара бақталастыруда.

 

Акбопе Танирберген