Білім

Өңірімізде Ұлттық Біріңғай тестілеудің алғашқы легі басталды

Алайда, бүгін бұл құрылғылар сағат, белдік, сақина мен тиын-тебеннен басқа ештеңе таба алмады. Мобильді телефонды өткізгеннің өзінде түлектердің оны пайдалана алмайтыны анық. Бейнебақылау құрылғылары мен комисссия мүшелерінен басқа, аудитория сыртында ұялы телефон сигналын сөндіргіштер орналасқан. Сол себепті, оқушылар тек 11 жыл бойы жинаған біліміне ғана сенулері қажет. Алайда, сынаққа келмегендер де кездесті. 9 түлектің бірін кеше ғана әскер қатарына алса, қалғандары Ресейлік жоғары оқу орындарына түсуді шешіпті.

Айдос Мұқатаев – мемлекеттік комиссия мүшесі:

– Бүгін Аққайың, Мамлют, Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының бірнеше мектебінің түлектері сынақ тапсыруда. Екі күн бойы оқушылар үшін 10 аудитория ұсынылады.

Ал сырт жақта ата-аналар мен мұғалімдер қауымы тағатсыздана күтуде. Әсия Досмағамбетова – Черкасск орта мектебінің директоры. Білім ошағынан биыл ҰБТ-ді тапсыруға бір ғана түлек келген екен.

Әсия Досмағамбетова – Черкасс орта мектебінің директоры, Аққайың ауданы:

– Биыл біздің оқушымыз “Алтын белгі” иегері ҰБТ тапсырып жатыр. Сондықтан, қатты уайымдап отырмыз.

Ал Бақытгүл Мұстафина болса дәл осылай екінші рет қобалжуда. Төрт жыл бұрын қызы мектеп бітірсе, бүгін міне ұлы түлек атанып, сынақ тапсыруға келген. Болашақта инженер боламын деген баласы Мейіржан 3 негізгі пән және екі таңдаулы – физика мен математикадан бар білімін ортаға салуда. Бұл үшін түлектерге 3 сағат 50 минут беріледі.

Бақытгүл Мұстафина – ата-ана:


– Ұлым ҰБТ тапсырып жатыр. Дайындығы жақсы. Мектепте мұғалімдер көмегімен дайындалып, үйге келіп оқығанын бекітетін. Сондықтан, ойдағыдай болады деп үміттенемін.

Сынақ аяқталуға жақын қалды. Алайда, түлектердің ішінде тестілеуді ерте тапсырғандары да бар. Емтихан нәтижесі әлі белгісіз. Бұған қарамастан сыртқа бірі жылап, бірі қуанып шығып жатты.

– Сұрақтары қиын болды. Қобалжыдық. Кейін 11 жыл бойы оқығанымызды ақтауға тырыстық.


– Сұрақтар күрделі болды. Барлық тапсырмаларды орындауға тырыстым.

Міне, Бақытгүл Мұстафинаның ұлы емтиханды сәтті тапсырып шықты. Мейржан Қабиев өзінің сынақтан сүрінбей өткеніне сенімді. Дайындық барысында Геннадий Головкин мен Баян Есентаева туралы да сұрақтар болыпты. Алайда, түлектің айтуынша тестілеудің өзінде бұндай тапсырмалар кездеспеген.

Мейржан Қабиев – Новокаменка орта мектебінің түлегі:

– Тестілеуде дайындалған сұрақтарым келді. Сондықтан, қатты қиналдым деп айта алмаймын. Барлығын ойдағыдай тапсырдым. 100 ұпайдан жоғары аламын деген ойдамын.

Эльмира Сәдуақасова:

– ҰБТ-ге биыл өңірімізден 2 мыңнан астам түлек қатысуда. Бұл мектеп бітірушілердің 62 пайызын құрайды. Жоғары оқу орнына түсу үшін талапкерге кемінде 50 ұпай қажет. Сондықтан, сынақ нәтижелеріне көңілдері толмағандар ертеңнен бастап аппеляциялық комиссия алдына бара алады. Немесе олар үшін тамыз айында ақылы түрде тестті қайта тапсыру мүмкіндігі бар.

 

Эльмира Сәдуақасова