МТРА жаңалықтары

EXPO-2017

Бүгін елордамызда өздерінің ұлттық күндерін француздар атап өтуде. Тағы, Латвия елінің өкілдері де дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиында қадірменді қонақтар біздің мемлекетімізбен бірлесе білім беру саласына қатысты сөз қозғады. Ал, италиялық өнерпаздар спектакль ұсынбақ. Кеше Финляндия Республикасының ұлттық күні болып өтті. Салтанатты шараға аталған елдің президенті Саули Нийнистё қатысты. Ол біздің елдің павильонын аралап, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Финдарды болашақ энергиясы тақырыбы бірден қызықтырған. Оларда мұнай мен газдың көп мөлшердегі қоры жоқ екен. Бірақ, тұрғындары энергия үнемдеп өмір сүруді үйренген. Сол себепті, бұл тұрғыда әлем мемлекеттеріне үлгі болып отыр. Фин көшбасшысы Са́ули Ни́йнистё халықаралық шарада өзекті мәселерді шешу жолдарын тауып, Қазақстанмен арадағы байланысты нығайтпақ ниетте.

Саули Нийнистё – Финляндия Республикасының Президенті:


–  Көрмеде әлемдегі өзекті мәселелер қарастырылуда. Мәселен, климаттың өзгеруі, қоқыстың тиісті деңгеуде қайта өңделмеуі, судың жетіспеуі. Бұл проблемалардың шешу үшін финляндиялық компаниялар жұмыс істеуде. Біз Қазақстанның павильонын қарадық. Өзіме ұнады. Қос елдің арасындағы байланыс 25 жыл бойы үзілмей келеді. Сіздерге осыдан бірнеше жыл бұрын іс-сапармен келген болатынмын. Сонда менімен бірге бірнеше бизнес компаниялардың директорлары еріп келді. Қазір олардың барлығы Қазақстаннан әріптестерін тауып, жұмыс істеп жатыр.

Байболат  Култанов