Денсаулық сақтау

Дәрігерлер өңір тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіруде

Бұл мақсатта психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер және 2-ші қалалық емхананың ақ халаттылары жұмыс орындарын уақытша тастап, Петропавлдағы бірнеше сауда үйлерінде ақпараттық акция ұйымдастырды. Шара барысында олар қалалықтарға жаңашыл жүйенің жұмыс істеу тәртібін хабарлады. Заңға сәйкес, азаматтарға медициналық қызметтің 2 түрлі пакеті ұсынылады. Біріншісі – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет. Ал екіншісін медициналық сақтандыру қоры ұсынады.

Жанар Хабибулина – №2 қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары:

– Аталмыш пакетті алу құқығы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы ҚР азаматтарына, ҚР аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі. Сонымен қатар, экономикалық белсенділігі төмен халық үшін төлемақы мемлекет есебінен жүргізілетін болмақ. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

 

Айгерим Ержанова