МТРА жаңалықтары

Уәлиханов ауданында 3 адамға найзағай түсті

Облыстық ТЖД мәліметінше алдымен жасын 2005 жылы туылған баланы ұрған. Жасөспірім елді мекен сыртында жайылымнан қайтқан малды күтіп тұрған екен. Болған жайтты маңайда жүрген ер азамат көріп, селолық округ әкіміне, учаскелік полицей және жедел жәрдем қызметіне хабарласып, баяндайды. Барлығы оқиға орнына жиналған сәтте табиғат тағы тосын мінез танытқан. Найзағай жедел жәрдем жүргізушісі мен қоңырау шалған адамға түсіпті. Жерлестеріміз сол жерде тілге келместен қаза тапқан. Қазрігі таңда марқұмдардың денелері медициналық сараптамадан өткізілуде.

Евгений Журавлев – СҚО ТЖД мемлекеттiк тiл және ақпарат тобының бас маманы:

 


–  Жұма күнгі кешкі сағат 19:50 облыстық ТЖД 3 тұрғынға найзағай түсті деген хабар жетті. Олардың біреуі – 12 жастағы бала екендігі анықталды. Ал, екеуі 78 және 83 жылы туылған азаматтар. Өңірімізде жасын 2 мәрте адамды ұрды деген оқиға алғаш рет болып отыр. Жерлестерімізге найзағай ұялы телефонның әсерінен түсті деген болжам бар. Өйткені, қаза болған жандардың барлығынан байланыс құралдары табылды.

Байболат Култанов