МТРА жаңалықтары

Петропавлда қалалық ТЖ басқармасының қызметкерлері ерекше флешмоб ұйымдастырды

Мамандар шаһар тұрғындарына отты пайдалануда абай болу керектігі жөнінде жадынама таратып, өрттің тілсіз жау екендігін тағы бір мәрте қаперге салды. Сонымен қатар, қаладағы би мектебінің тәрбиеленушілерімен бірігіп би биледі. Оған 10 маман қатысты. Мұнымен қызыл жалынмен арпалысушылар тұрғындардың назарын өздеріне аудартып, ерекше көңіл күй сыйлады.

Аслан Ахметжанов – Петропавл қаласы ТЖ басқармасының бас маманы:


–  Жаз мезгілінде жеке секторда тұратын адамдар пештерін қалыпқа келтірулері қажет. Сонымен қатар, электр желілерінде ақау жоқтығын қарау керек. Жыл басынан Петропавл қаласының аумағында 114 өрт оқиғасы тіркелді. 4 адам тілсіз жаудың құрбаны атанды. Келтірілген материалдық шығын көлемі 20 млн теңге маңында. Өрттің шығуына басты себеп отты дұрыс пайдаланбау.

Риат Шони