Спорт

Петропавлда балалар мен жасөспірмдер арасында футболдан жарыс өтті

Сонымен, екінші ойында көк жейдегілер алға суырылып шығып, қарсыластарынын қақпасына доп дарытты. Есеп 1-0. Ералы Қайырназов – жеңіске жеткен команданың капитаны. Оның бұл спорт түріне ден қойғаны 5 жылға жуық уақыт болыпты.

Ералы Қайырназов – “Жастар” құрамасының капитаны, Петропавл қаласы:

– Осы біздің алдымызда 5 ойын қалды. Барлығын жеңіп, республикалық жарысқа жолдама алу үшін мақсат қойдық. Осыған жету керекпіз. Өйткені, біздің дайындығымыз өте мықты.

Жалпы, додада 5 команда бақ таластыруда. Олар – Қызылжар, Мамлют аудандары және Петропавл қаласының құрамалары.

Александр Новичков – “Қызылжар” БЖСМ әдіскері:

– Аталмыш жарыста жеңіске жеткен құрама өңір намызын республикалық сайыста қорғайды. Ол шілденің 17-і күні Астана қаласында өткізілмек.

Облыс орталығында екі күнге жалғасқан дүбірлі дода нәтижесі бойынша 2003 жылғы балалардан құралған петропавлдық “Жастар” командасы бас жүлдеге ие болды. Екінші тұғырдан Қызылжар ауданының футболшылары, ал үшінші орыннан қалалық “Жеңіс” құрамасы көрінді. Оларға кубок, медаль, грамота және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Тогжан Акмагамбетова