Білім

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес

Айдар Әбуов – Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығының директоры, ф.ғ.д, профессор, Астана қаласы:


–  Насихат жұмыстарының нәтижесі үлкен көмек көрсетеді. Соның арқасында теріс питғылды діндердің жетегінде кететіндер саны одан да көп болар еді.

Сектаның сойылын соғып, теріс ағымдардың жетегінде кеткендер негізінен әлеуметтік желілерде отырып, ғаламторды шарлайтындар көрінеді. Сондықтан, оларды негізінен лекциялар мен жиындардың көмегімен емес, заманауи әдістерді қолдана отырып, құтқару керек.

Гүлмира Біләлова – Гуманитарлық ғылым жоғарғы мектебінің профессоры, ф.ғ.д., дінтанушы, Алматы қаласы:


–  Біз жастармен алдын алу жұмыстарын жүргізгенде дәріс, оқыту семинарлары сынды форматтадан алшақтап, керісінше жаңа технологияларды қолдану қажетпіз. Олар қазір көбіне компьютерлер мен телефондарды жиі пайдаланады. Сондықтан, арнайы бейнероликтер дайындап, ашық диалог алаңын құру қажет. Жастар өз проблемаларымен бөлісе алатындай жағдай жасап, кеңестер беру қажет.

Айта кету керек, ақпараттық топ тағы темір тордың ар жағында отырған азаматтармен де жұмыс жасамақ.

Магжан Ахмадина