МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық Амина Жапар “Детская новая волна” байқауында көрермендер көзайымы жүлдесін иеленді

Тайынша ауданының 10 жасар тұрғыны “Детская новая волна” байқауында ресейлік жұлдыздарды өз өнерімен тәнті етті. Аминаның ән айтуын жоғары бағалаған қазылар алқасы қатарында Игорь Крутой, Олег Газманов, Ирина Дубцова мен Юлианна Караулова сынды өнер адамдары болыпты. Ал Лев Левщенко әнші қыздың өз елінің намысын жоғары деңгейде қорғағанын атап өткен. Жалпы хлықаралық байқауға 11 елден жас попмузыка орындаушылары қатысты. Конкурстың ақтық кезеңін алдағы сенбі кешінде “НТВ” телеарнасынан көруге болады.

Айгерим Ержанова