Денсаулық сақтау

“Нұр Отан” партиясы СҚОФ дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Түрлі ауру -сырқаудан аман болуымызды қадағалайды. Бір жерімізді мертіктіріп алсақ емдеп жазады. Тіпті кейбір дене мүшелерін алмастырып, екінші өмір сыйлап жатады. Мақсат Құдратуллаев жыл сайын жүздеген адамның жүрегіне ота жасайды. Былтыр дәрігер еліміздің ең үздік кардиологы деп танылып, “Алтын жүрек” белгісімен марапаталыпты.

Мамандарды кәсіби мерекелерімен жетекші партияның өкілдері, кәсіпорындардағы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары құттықтады.

Артур Молдағұлов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Ел экономикасымен бірге медицина саласы да қарыштап дамып келеді. Қазіргі таңда кадрларымыз шетелде білімдерін артырып, жоғары технологиялы құрылғыларда тұрғындарға қызмет көрсетуді үйренді. Сіздердің еңбектеріңіз орасан. Дені сау ұрпақты көбейтуге атсалысып жатырсыздар. Жұмыстарыңызда табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Салтанатты жиында түрлі медициналық ұйымда қызмет ететін дәрігерлер “Нұр Отан” париясының Алғыс хатын алды. Ирина Ибраева өз ісіне берілген жан. Өмірімді акушер-гинеколог дәрігер мамандығынсыз елестете алмаймын дейді.

Ирина Ибраева – облыстық перинаталдық орталықтың дәрігері:

– Дәрігерлік мамандығын таңдағаныма ешқашан өкінген емеспін. Медицинада, өз ісіне адал азаматтар ғана қалады. Адамдарға қуаныш сыйлау менің мамандығым. Мен жүктіліктің бастапқы кезеңінде әйелдерді тексерістен өткізіп, оларға консультация беремін. Кәсіби мереке қарсаңында еңбегімді елеп жатқандарына қуаныштымын.

Марапаттау рәсімінен кейін дәрігерлерге шағын концерт ұсынылды.

Берік Қасен