Денсаулық сақтау

Маусымның 18-і медицина саласы қызметкерлерінің күні

Міне, осы қиын да аса жауапкершілікті талап ететін кәсіпте Андрей Кухарук 8 жыл қызмет етіп жүр. Білікті дәрігер перзетханада жоспарлы және шұғыл оталарға қатысып, толғақ қысқан аналардың ауырсынбауына жағдай жасайды, кеңес береді.

Андрей Кухарук, облыстық перинаталдық орталықтың анестезиолог- реаниатолог-дәрігері:

– Күніне орта есеппен 2-3 жоспарлы ота жасаймыз. Оның ұзақтығы 30-40 минутқа дейін созылады. Сондай-ақ, кей кезде жан сақтау бөлімінде жедел операциялар туындап қалуы мүмкін.

Операцияға дейін анестезиолог пациентпен әңгімелесіп, оны дайындауы керек. Сондықтан да бұл маман иесі жылы жүзді және психолог та бола білуі керек дейді Андрей Кухарук.
Жан сақтау бөліміне күніне 5-ке жуық адам түседі екен. Жания Букунёва жуырда екінші сәбиін дүниеге әкелді.

Жания Букунёва:

–  Мені патология бөлімінен ауыстырып, Кесер тілігін жасады. Бәрі сәтті өтті. Анестезия жақсы болып, ештеңе де сезген жоқпын. Барлығы ақ халаттылардың арқасы. Оларды келе жатқан мейрамдарымен құттықтап, ең бастысы денсаулық және шыдамдылық тілегім келеді.

Жуырда перинаталдық орталықтағы дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін жаңа тромбоэластограф қондырғысы орнатылған. Енді ақ халаттылар қан кету кезінде анализдерді зертханаларға апарып, уақыт жоғалтпайды. Деректер өңделген соң осы жүйенің арқасында ағзадағы ауытқулар жарты сағаттың ішінде белгілі болады екен.

– На данном анализе видно, что у пациентки склонность к гиперкоагуляции,чтобы исключить осложнения, мы женщине введем внутривенно лекарство.

Бүгіндері облыстық перинаталдық орталықтың жан сақтау бөлімінде 25-ке жуық адам жұмыс істейді. Айта кеткен жөн, жалпы облысымызда денсаулық саласында 1400 дәрігер мен 4800 медициналық қызметкер еңбектенеді.

Тогжан Акмагамбетова