МТРА жаңалықтары

Маусымның 17-сі СҚО туристік маусым ашылады

Азамат Елеусізов – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары:

– Жыл сайын демалыс орындарының материалдық-техникалық базасы жаңартылып тұрады. Қосымша қызмет түрлері де енгізіледі. Бұның барлығы келушілердің жайлылығы үшін жасалуда. Бүгінде өңірімізде туристік базаларда демалу құны 10 мың мен 75 мың теңгенің арасын құрайды.

Биыл өңірімізде туристік маусым ағымдағы айдың 17-сі күні ашылмақ. Бұл ретте облыс орталығында бірқатар шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Азамат Елеусізов – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары:

– Салтанатты ашылуда «Қызылжар. Туризм-2017» атты 2-ші туристік көрмесі мен «Мөңке күні» балықшылар форумы өтеді. Бұл күні қаламызға Жамбыл, Павлодар, Қостанай мен Алматы және Оңтүстік Қазақстан облсытарнан қонақтар келеді. Бұдан бөлек, Петропавлда маусның 24-і күні «Қымыз Фест» фесивалін ұйымдастырылмақ.

Бұрындары Солтүтсік Қазақстанға тек қызмет бабымен келетін туристер көп болатын. Ал соңғы уақытта бұл тенденция өзгерді. Енді өңір табиғатын тамашалап, отбасыларымен демалушылар көбейген. Мәселен, былтыр облысымызға 91 мың турист келіпті. Ал биыл, жыл басынан олардың саны 19 мыңға жақындаған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 50 пайызға көп.

Айгерім Ержанова, тілші:

 


–  Олардың дені Петропавл мен Айыртау ауданындағы туристік базаларда демалған. Бұл екі аумақ биыл «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін тамашалап, біздің өңірге келгісі келетін демалушылардың маршрутына да енгізіліп отыр. Яғни, шетелдік меймандар 3 күндік сапарлары барысында аталған аумаққа автобус пен немесе темір жол арқылы қатынай алады.

Айгерім Ержанова